«Оқуға құштар мектеп» жобасы
2022-2023 оқу жылына түскен әдебиет саны 440 дана. Оның ішінд 7 көркем әдебиет, 423 оқулықтар, 10 әдістемелік шығармалар. Бәрі тіркелді, инвентар номерлары қойылды. Олардың барлығы инвентар кітабына енгізілді. 2 сыныпқа және дайындық сыныбына оқулықтар толығымен келді. 1 және 2 сынып арнайы дәптерлермен қамтамасыз етілді.2022-2023 оқу жылының қыркүйек айында өткізілген іс-шаралар. Отбасы күніне орай «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Отбасы кітапханасы» акциясы өтті. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, «Кітап ханшасының ғажайып еліне саяхаты» атты әдеби саяхат өткізілді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп парламенті мүшелерімен оқушылардың оқу жылдамдықтары тексерілді.




2022-2023 оқу жылының қазан айында өткізілген іс-шаралар.
1қазан –қарттар күніне орай, «Қарттар елдің қазынасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Таза болсын оқулық» акциясы өткізілді. 25қазан –Республика күнін атап өту жоспарына сай, «Туған елім-Қазақстаным» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.


